Beko GNE 134601 X Freezer User Manual


 
KK
22
1
5
3
A
B
Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелу
үшін жасалатын әрекеттер
(Орталық су жүйесіне қосылған және сүзгісі бар өнімдерге арналған)
1- Тоңазытқышты ток көзіне қосқан соң, А және В түймелерін бірге басып,
пернелер құлпын қосыңыз.
2- Содан кейін сәйкесінше Eco-Extra (1), Тоңазыту бөлігінің температурасын
орнату түймесін (4), Жылдам салқындату (5) және Қатыру бөлігінің
температурасын орнату түймесін (3) басыңыз.
Түйме конфигурациясы қажетті тәртіппен басылса, пернелер құлпының таңбасы
өшіп, қысқа уақытқа қоңырау сигналы беріледі де, сүзгіні ауыстыру туралы ескерту
көрсеткіші жанады. Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелу үшін, сүзгіні
ауыстыру туралы ескертуден бас тарту түймесін (дисплей сипаттамаларындағы
19-элемент) басыңыз.
C Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелсе, өнімді ток көзіне қосқаннан
кейінгі бірнеше секундта сүзгіні ауыстыру туралы ескерту көрсеткіші жанады.
C Сүзгіні пайдалану уақытын автоматты түрде есептеу функциясының
зауыттық параметрі — өшірулі. Оны сүзгісі бар өнімдерде қосу керек.
C Сүзгіні пайдалану уақытын есептеу функциясын өшіру үшін,
сүзгіні пайдалану уақытын есептеу функциясы қосылған өнімдерге
қолданылатын процедураны қайталаңыз.