Beko GNE 134605 E Freezer User Manual


 
KK
16
Су сүзгісін ауыстыру немесе тастау
қажет болғанда, суретте көрсетілгендей
шешіп, айналмалы қақпағын жабу
керек. Сүзгіні шығарғанда, міндетті
түрде «Мұз жасауды өшіру» режимі
қосылып тұру керек.
A Ескерту: Су сүзгісі суды артық
бөлшектерден тазартады. Бірақ ол
судағы микроағзаларды өлтірмейді.
A Ескерту: Су сүзгісін ауыстырғанда
немесе айналмалы қақпақты жапқанда,
Мұз жасауды өшіру түймесі міндетті
түрде басылып тұру керек.
Су диспенсерін алғаш
қолдану алдында
C Су жүйесінің қысымы 1-деңгейден
төмен болмау керек.
C Су жүйесінің қысымы 8-деңгейден
жоғары болмау керек.
C Су жүйесінің қысымы 1-деңгейден
азайса немесе құмыра қолданылатын
болса, сорғыны пайдалану керек.
C Тоңазытқыштың су жүйесін орталық
суық су желісіне жалғау керек. Оны
ыстық су желісіне қосуға болмайды.
C Тоңазытқышты алғаш рет
пайдаланғанда, су ақпауы мүмкін.
Бұл жүйеде ауаның болуына
байланысты. Ауаны жүйеден шығару
үшін, диспенсерден су аққанша, 1
минут сайын оның басқару тетігін
басып тұрыңыз. Басында су ағымы
бірқалыпты болмауы мүмкін. Жүйедегі
ауа шығарылғаннан кейін, су ағымы
қалыпты күйіне келеді.
C Тоңазытқышты алғаш рет қосқанда,
суық су шамамен 12 сағаттан кейін
ағады.
C Мұз/су диспенсері бірқалыпты
істеп тұру үшін, су жүйесінің қысымы
1-8 деңгейде болу керек. Ол үшін
1 стақан су (100 мл) 10 секундта
толтырылатынын тексеріңіз.
C Бірінші 10 стақанды есепке алмауға
болады.
C Мұз диспенсерінен шыққан бастапқы
30 кесек мұзды пайдалануға болмайды.
C Құмыра қолданылмағанда, әрдайым
су сүзгісін пайдаланыңыз.