Beko GNE 134605 X Freezer User Manual


 
KK
17
4 Дайындау
C Тоңазытқыш конфорка, пеш, орталық
жылу жүйесі және духовка сияқты
жылу көздерінен кемінде 30 см, ал
электр пештерінен кемінде 5 см
қашықтықта орнатылу керек және оны
күн түсетін жерге қоймаған дұрыс.
C Тоңазытқыш орнатылған бөлме
температурасы кемінде 10°C градус
болуы керек. Тоңазытқышты осыдан
салқынырақ жағдайларда іске қосу
тиімсіз болғандықтан ұсынылмайды.
C Тоңазытқыштың ішкі бөлігін мұқият
тазалау қажет.
C Екі тоңазытқыш қатар орнатылатын
болса, олардың арасында кемінде 2
см арақашықтық болуы керек.
C Тоңазытқышты бірінші рет іске
қосқанда, бастапқы алты сағат ішінде
мына нұсқауларды орындаңыз.
- Есік жиі ашылмауы керек.
- Оған ешқандай тағам салмай бос
күйінде жұмыс істету керек.
- Тоңазытқышты қуат көзінен
суырмаңыз. Егер қуат көзі
ажыратылса, «Проблемаларды
шешуге арналған ұсыныстар»
бөліміндегі ескертулерді қараңыз.
C Қорап пен қатты көбік материалдарын
болашақта тасымалдау немесе көшу
үшін сақтап қойыңыз.