2.3.1Арналарды ауыстыру
Телеарналарды ауыстыру үшін қашықтан
басқару пультіндегі P + немесе — түймелерін
басыңыз. Арна нөмірін білсеңіз, санды түймелерді
пайдалануыңызға болады.
Алдыңғы көрілген арнаға қайта ауысу үшін
Back (Артқа) b түймесін басыңыз.
Егер сандық хабар таратылса, орнату кезінде
сандық радиостанциялар орнатылады. Радиоарнаға
телеарналардағыдай ауысыңыз. Радиостанциялар
әдетте 400 санды арнадан әрі қарай басталады.
Арналар кестесі
Теледидарды көріп отырғанда, арналар кестесін
ашу үшін OK түймесін басыңыз. Арнаны жылжу
түймелерімен таңдап, арнаға ауысу үшін OK түймесін
басыңыз.
Арналар кестесінен арнаны өзгертпей шығу үшін Back
(Артқа) b түймесін басыңыз.