Philips HR1861 Juicer User Manual


 
Егер шырын шашырап кетпесін десеңіз немесе шырынды тоңазытқышта сақтамақшы болсаңыз,
шырын құмыранына қақпақты жауып қойыңыз.

Бұл құрал тек барлық бөлшектері дұрыс жиналып, қақпағы берілген бекіткіштермен дұрыс
бекітіліп, орнатылғанда ғана жұмыс жасайды.
1 Жеміс жидектерді немесе көкөністерді жуып, оларды қоректендіргіш түтікке
сиятындай етіп турап, тутікке салыңыз. (Cурет 7)
2 Шырын құмыраны шырын сыққыштың дәл мұрнының астына қойылғанын тексеріңіз.
3 Бақылау түймесін 1 (төмен жылдамдық) бағдарламасына немесе 2 (нормалы
жылдамдық) бағдарламасына апарып, құралды қосыңыз. (Cурет 8)
1 жылдамдық қарбыз, жүзім, қызанақ, қияр және құлпынай секілді жұмсақ жеміс жидектер
мен көкөністерге арналған.
2 жылдамдық барлық басқа жеміс жидектер мен көкөністер түрлеріне арналған.
4 Алдын ала турап қойған бөліктерді қоректендіретін түтікшеге салып, итергіштің
көмегімен айналып жатқан фильтірге қарай жәймен ғана итеріңіз (Cурет 9).
Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол соңғы нәтижеге әсерін тигізіп, фильтірді
тоқтатып тастауы да мүмкін.
Қоректендіргіш түтікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.
Ингредиенттердің барлығын сығып болғаннан соң, шырынның шығуы тоқтағанын күтіңіз. Содан
соң құралды өшіріп, фильтірдің айналғаны тоқтағанша күтіңіз.
5 Көбік ажыратқышты шырын ыдысына сырғытып енгізіңіз (1) содан соң қақпақты шырын
ыдысына жабыңыз (2). Сонда сіз шырынды құйып алғанда, көбік сыртта
қалады. (Cурет 10)
Есте сақтаңыз: Есіңізде болсын: Егер сіз ішімдігіңізде көбік қабаты болсын десеңіз, көбік
ажыратқышын қолданбаңыз.

Жаңа піскен жеміс жидектерді немесе көкөністерді қолданған дұрыс, себебі оларда
шырын көп болады.Шырын сыққышқа ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр,
сәбіз, шпинат, қауын, қызанақ, және жүзім сияқты жеміс жидектер өте қолайлы.
Жұқа қабықтар мен терілерді алудын қажеті жоқ. Тек қана қалың қабықтар, мысалы
апельсин, ананас, пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек. Сонымен бірге цитрусты
жидекердің ақ қабығын да алып тастаңыз, себебі олардың аштылау дәмі бар.
Алма шырынын дайындағанда есіңізде болсын, алма шырынының қоюлығы сіздің қолданып
жатқан алмаңыздың түріне байланысты болады. Алмаңыз шырынды болса, шырыныңыз
қоюырақ болады. Өзіңізге ұнайтын шырын шығаратын алма түрін таңдаңыз.
Алма шырыны дем арада қоңыр болып кетеді. Егер сіз лимон шырынының бірнеше
тамшысын оған қоссаңыз, алма шырыны тез қоңырланбайды.
Крахмалы бар жеміс жидеткерді, мысалы: банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго
сияқты бұл шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін тамақ жасайтын құралды,
немесе миксерлерді қолданғаныңыз дұрыс.
Бұл шырын сыққыштан жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын өткізуге болады.
Шырыныңызды сығып болған күйде ішіп қойыңыз. Шырын таза ауада біраз уақыт тұрып
қалса, ол өзінің дәмін және қоректену байлығын жоғалтады.
Шырынды көп мөлшерде алу үшін, жеміс жидектерді әрдайым итергішпен төмен қарай
жәймен итеріп отырыңыз.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
 51