Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
1.1.5Экран күтімі
• Теледидар экранына зақым келу қаупі бар! Экранға
еш уақытта қандай да бір затты тигізбеңіз, онымен
итермеңіз, сүйкемеңіз немесе ұрмаңыз.
• Теледидарды тазалар алдында міндетті түрде
өшіріңіз.
• Теледидар мен жақтауларын жұмсақ, дымқыл
шүберекпен тазалаңыз. Теледидарға спирт,
химиялық заттар немесе тұрмыстық тазалағыштар
сияқты заттарды қолданбаңыз.
• Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау
үшін мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп
тұрыңыз.
• Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп
тұрғызбаңыз. Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз
- экранда көп уақыт бойы тұратын кескіндер.
Қозғалыссыз кескіндерге экран мәзірлері, қара
жолақтар, уақыт дисплейлері, т.б. жатады. Егер
қозғалыссыз кескіндерді пайдалану керек болса,
экран зақымданбау үшін экран контрасты мен
жарықтығын азайтыңыз.