Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.5.2Дыбыс тілдері
Сандық телеарналар бағдарламамен бірге бірнеше
дыбыс тілін таратуы мүмкін. Бұл дыбыс тілдері
таратылған кезде қосылу үшін қалаған тілдеріңізді
таңдауыңызға болады.
Қалаған дыбыс тілдеріңізді орнату үшін h > Реттеу
> Орнату > Тілдер > Бірінші тіл опциясын басыңыз.
Сондай-ақ, сол Тілдер мәзірінен екінші тілді де
орнатуыңызға болады.
Тіл станциядан таратылған жағдайда, теледидар
орнатылған тілге автоматты түрде ауыстырып
қосады.
Дыбыс тілінің бар-жоғын тексеру үшін Options o
түймесін басып, дыбыс тілі тармағын таңдаңыз.
Тізімнен басқа бір дыбыс тілін таңдауыңызға
болады.
Кейбір сандық телеарналар есту немесе көру қабілеті
нашар кісілер үшін арнайы аудио және субтитрлер
таратады. Қосымша ақпарат > Әмбебап қол жеткізу
бөлімін оқыңыз.