Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.6.1 USB құрылғысын шолу 1/2
Теледидардан USB жад құрылғысындағы фото
суреттерді көріңіз немесе әуен және бейне
файлдарды ойнатыңыз.
USB құрылғысын теледидар қосулы тұрған кезде
теледидардың сол жағындағы USB коннекторына
қосыңыз.
Теледидар құрылғыны анықтап, экранда USB
құрылғысының мазмұны көрсетілген тізімді ашады.
Мазмұны көрсетілмеген жағдайда h > Browse USB
(USB құрылғысын шолу) түймесін және OK түймесін
басыңыз.
USB мазмұнының тізімі экранда ашылғанда ойнату
қажет файлды таңдап, OK түймесін немесе ойнату P
түймесін басыңыз.
Өлең, фото суреттердің слайдшоуы немесе бейне
ойнатыла бастайды.
Кідірту үшін P түймесін қайтадан басыңыз.
Келесі файлға өту үшін x немесе P + түймесін
басыңыз.
Алдыңғы файлға өту үшін w немесе P - түймесін
басыңыз.
Музыка файлын тез алға жүргізу үшін Q түймесін
басыңыз.
Play once (Бір рет ойнату), Repeat (Қайталау), Shuffle
(Еркін ойнату), Rotate (Айналдыру) және тағы
басқаларын таңдау үшін Options (Параметрлер) o
түймесін басыңыз.
...