Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
4.2.5Аналогты арналарды қолмен орнату 1/2
Аналогты телеарналарды бір-бірлеп қолмен орнатуға
болады.
Аналогты арналарды қолмен орнатуды бастау үшін
h > Setup (Реттеу) > Installation (Орнату) >Channel
installation (Арна орнату) > Manual install (Қолмен
орнату) - аналогты опциясын таңдаңыз.
Осы мәзірдегі әр қадамды орындаңыз.
Аналогты телеарналардың барлығы шыққанша осы
қадамдарды қайталай беруіңізге болады.
1 System (Жүйе) — Егер өз антеннаңыз болса, телеарна
хабарлары келетін елді немесе әлемнің нүктесін
таңдауыңыз қажет. Егер телеарналарды кабельдік
жүйе арқылы қабылдасаңыз, сізге тек елді немесе
әлемнің нүктесін бір рет таңдау қажет.
2 Find channel (Арнаны табу) — Аналогты телеарнаны
іздеу. Іздеу автоматты түрде басталады, бірақ
жиілікті қолмен енгізуіңізге болады. Егер арнаның
қабылдануы нашар болса, оны қайтадан іздеу үшін
Search next (Келесіні іздеу) опциясын таңдаңыз.
Осы телеарнаны сақтағыңыз келсе, Done (Дайын)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
...