Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
1.1.2   Қауіпсіздік 1/5
Теледидарды пайдаланбас бұрын барлық
нұсқауларды міндетті түрде оқып шығып, түсініп
алыңыз. Нұсқауларды орындамаудан зақым
туындағанда кепілдік күшінен айрылады.
Ток соғу немесе өрт қаупі!
• Ешқашан қашықтан басқару пультін немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе шамадан тыс
ыстыққа шығармаңыз.
• Теледидардың жанына еш уақытта гүл құмырасы
сияқты ыдыстар қоймаңыз. Егер сұйықтықтар
теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе,
теледидарды дереу қуат көзінен ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланардан бұрын тексеру
үшін Philips тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласыңыз.