Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.1.7Сандық мәтін (тек Ұлыбритания үшін)
Кейбір сандық телехабар таратушылар, мысалы,
BBC1, өз арналарында арнаулы сандық мәтін немесе
интерактивті қызметтер ұсынады. Бұл қызметтердің
ішіне саны бар әдеттегі телемәтін, таңдауға және
жылжуға арналған түрлі түсті және жылжу түймелері
кіреді.
Теледидарды көріп отырғанда, Teletext түймесін
басып, тармақтарды таңдау немесе ерекшелеу үшін
жылжыңыз.
Опцияны таңдау үшін түрлі түсті түймелерді
пайдаланып, растау немесе іске қосу үшін OK
түймесін басыңыз.
Сандық мәтіннен немесе интерактивті қызметтерден
бас тарту үшін S түймесін басыңыз.
Субтитрлер станциядан таратылғанда және
Мүмкіндіктер мәзірінде Субтитр қосылғанда, сандық
мәтін қызметтері кілттеніп қалады.
Субтитрлер және тілдер > Субтитрлер бөлімін
оқыңыз.