Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
2.1.2Әмбебап қашықтан басқару пульті 3/4
Қолмен реттеу
Әмбебап режим түймесін реттеу үшін қашықтан
басқару (ҚБ) кодын қолмен енгізуге болады.
Тиісті ҚБ кодын осы нұсқаулықтағы қашықтан
басқарудың әмбебап кодтар тізімінен қараңыз.
Тізімнен қажет құрылғы мен брендті іздеңіз.
Кейбір брендтерде бірнеше ҚБ коды бар. Қолмен
реттегенде, құрылғыны тиісті түймелермен басқарып
көріңіз. Құрылғы жауап бермесе немесе дұрыс
істемесе және бірнеше код болса, қолмен реттеуді
басқа ҚБ кодымен қайта бастауға болады.
Қашықтан басқару кодын қолмен енгізу
1 Әмбебап режим түймесін, DVD, STB немесе HTS
түймесін басып, осы түймені OK түймесімен бірге
4 секунд басып тұрыңыз. Барлық 4 түйме 1 секунд
жанады да, реттеліп жатқан түйме жанған күйінде
қалады.
2 Тізімдегі 4 санды қашықтан басқару кодын енгізіңіз.
3 Егер код қабылданса, барлық 4 түйме 3 рет
жыпылықтайды. Егер жоқ кодты енгізсеңіз, барлық
түймелер 2 секунд жыпылықтайды. Кодты қайта
енгізуіңізге болады.
4 Егер код қабылданса, Әмбебап режим түймесі
орнатылады.
...