Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
2.6Теледидарды сандық ресивер арқылы көру
Теледидарды кабельдік немесе спутниктік
телекомпанияға жазылған сандық ресивер арқылы
көретін кезде, ресиверді жалғап, ресиверді Негізгі
мәзірге қосыңыз.
Негізгі мәзірге қабылдағышты қосу үшін
Теледидарды пайдалану > Мәзірлер > Құрылғыларды
қосу бөлімін оқыңыз.
Ресивер бағдарламасын көру үшін ресиверді
қосыңыз. Егер ресивер бағдарламасы автоматты
түрде пайда болмаса, h түймесін басып, Негізгі
мәзірдегі ресивер тармағын таңдаңыз. OK түймесін
басыңыз.
Теледидар арналарын таңдау үшін ресивердің
қашықтан басқару пультін пайдаланыңыз.