Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
Электр есеңгіреуі немесе өрт қауіпі!
• Теледидар мен қашықтықтан басқару пультін
жаңбырға, суға немесе тым ыстық жерлерге
шығармаңыз.
• Теледидардың қасына құмыра сияқты
сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз.
Егер сұйықтық теледидардың үстіне немесе
ішіне төгілсе, теледидарды бірден ток көзінен
ажыратыңыз. Теледидарды пайдаланбас бұрын
оны тексеріп алу үшін Philips тұтынушылар
орталығына хабарласыңыз.
• Теледидарды, қашықтықтан басқару пультін
немесе батареяларды жалынды оттың немесе
тікелей күн шуағы сияқты басқа қызу көздерінің
жанына ешқашан қоймаңыз.
• Бұл өнімді барлық уақытта балауыз шамдардан
немесе басқа жалындардан аулақ ұстаңыз.
• Теледидардың желдету тесіктеріне немесе
басқа ашық жерлеріне заттар салмаңыз.
• Қуат розеткасына қатты күш салмаңыз. Бос
тағылған қуат розеткасы күюге немесе өртке
себеп болуы мүмкін.
• Теледидарды немесе басқа заттардытоқ
сымының үстіне ешқашан қоймаңыз.
Телевизорға зақым келу қауіпі!
• Салмағы 25 кг-нан асатын теледидарды
көтеруге және тасуға екі адам қажет.
• Егер телевизорды қондырғымен қондырғыңыз
келсе, онда тек қосымша қондырғыны
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді қауіпсіз етіп
орнатыңыз. Теледидарды оның салмағын көтере
алатын жазық, тегіс жерге қойыңыз.
• Егер теледидарды қабырғаға орнататын
болсаңыз, салмағын ескеріп, теледидарды
қауіпсіз орнату үшін мықты қабырғаға
қолайлы бекітпелермен орнатыңыз. Konin-
klijke Philips Electronics N.V. қабырғаға дұрыс
қондырылмағанның себебінен абайсыздық
немесе зақым келуіне жауапкершілік тартпайды.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидар балалардың үстіне құлап,
жарақаттауына жол бермеу үшін осы сақтандыру
шараларын орындаңыз.
• Теледидарды сырғанап, тұрмайтын шүберек
немесе басқа материал жабылған жерге
ешқашан қоймаңыз.
• Теледидардың ешқандай бөлігінің орнатылған
жерден салбырап тұрмағанын тексеріңіз.
• Теледидарды кітап шкафы сияқты ұзын
жиһазға теледидар мен жиһазды қабырғаға
немесе қолайлы жерге бекітпей қоймаңыз.
• Балаларды теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны туралы
хабардар етіңіз.
Бу шығарушының қатты қызып кету қауіпі!
• Теледидардың айналасына кемінде 10
сантиметрдей желдету үшін бос орын
қалдырыңыз. Теледидардың желдету
тесіктерін перделер немесе басқа заттар жауып
қалмағанын тексеріңіз.
Найзағай
Найзағай болардың алдында теледидарды
қуат көзі мен антеннадан ажыратып тастаңыз.
Найзағай кезінде теледидардың ешқандай
бөлігіне, тоқ сымына немесе антенна сымына
тиіспеңіз.
Есту қабілеті зақымдану қауіпі!
Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде немесе
ұзақ уақыт пайдаланудан сақтаныңыз.
Төмен температура
Егер теледидар 5°C-тан төмен температурада
тасымалданса, оны орауышынан шығарып,
теледидар температурасының теледидар
орнатылатын бөлме температурасына сәйкес
келуін күтіңіз.
2009 © Koninklijke Philips Electronics N.V.
Барлық құқықтар қорғалған. Ерекшеліктері ескертпестен
өзгерілуі мүмкін. Сауда белгі меншігі Koninklijke Philips Electron-
ics N.V. жатады немесе олардың иелеріне.
Philips компаниясы кез келген уақытта бұрынғы жабдықтарына
сай лайықтау міндетінсіз өнімдерді өзгерту құқығын өзінде
қалдырады. Пайдаланушы нұсқаулығындағы материал
жүйені дұрыс пайдалану талаптарына сай болып табылады.
Егер өнім немесе оның жеке модульдері немесе тәртіптері
осында көрсетілгеннен басқа мақсаттарға пайдаланылса,
оның негізділігі мен қолайлылығын растауға қол жеткізу
керек. Philips материалдың Америка Құрама Штаттарының
патенттерін бұзбайтынына кепілдік береді. Ешқандай кепілдік
берілмейді немесе айтылмайды.
Кепілдік
Ешқандай бөлшекті пайдаланушы жөндеуге болмайды.
Қақпақтарды ешқашан ашпаңыз немесе алып тастамаңыз,
желдету тесіктеріне заттар салмаңыз немесе арнайы
коннекторларға сәйкес емес заттарды қоймаңыз. Жөндеу
жұмыстары тек Philips қызмет көрсету орталықтарында немесе
ресми жөндейтін шеберханаларда жүргізілуі керек. Мұны
орындамау салдарынан мәлімделген немесе заңды кепілдік
күшін жояды. Осы нұсқаулықта нақты тыйым салынған
әрекеттер немесе нұсқаулықта ұсынылмаған не рұқсат
берілмеген реттеу немесе жинау тәртіптері кепілдікті жарамсыз
етеді.
Пиксел сипаттамалары
Бұл СКД өнімінде түрлі түсті пикселдердің саны көп. Оның
тиімді пикселдері 99,999% не одан асса да, қара дақтар немесе
ашық жарық нүктелері (қызыл, жасыл немесе көк) экранда
шығып тұруы мүмкін. Бұл дисплейдің құрылымдық сипаты
(жалпы өндіріс стандарттарында) және ол ақаулық болып
табылмайды.
Ашық бастапқы бағдарламалық құрал
Бұл теледидардың ашық бастапқы бағдарламалық құралы бар.
Philips компаниясы осы құжатпен сұрау бойынша физикалық
жұмыс құнынан аспайтын ақыға ресурстың таралымын,
бағдарламалық құралды алмастыруға тұтынушылар
тарапынан қолданылатын құралдағы тиісті негізгі кодтың
машина оқитын толық көшірмесін жеткізуді немесе
қатынаулы етуді ұсынады. Бұл ұсыныс мына өнімді сатып
алған күннен кейін 3 жыл мерзімге жарамды. Негізгі кодты алу
үшін мына мекенжайға жазыңыз:
Philips Innovative Applications N.V.
Ass. to the Development Manager
Pathoekeweg 11
B-8000 Brugge
Belgium
Электр магнитті өріспен (ЭМӨ) үйлесімділігі
Koninklijke Philips Electronics N.V. тұтынушыларға арналған,
басқа электрондық құрылғылар сияқты, негізінде, электр
Қауіпсіздік