Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
1.1.2   Қауіпсіздік 4/5
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап, жарақаттауына
жол бермеу үшін мына сақтандыру шараларын
орындаңыз:
• Теледидарды сырғанап кетуі мүмкін жапқыш
немесе басқа материал жабылған жерге қоймаңыз.
• Теледидардың ешқандай бөлігі орнатқан жердің
шетінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Қабырғаға жиһаз бен теледидарды бекітпей немесе
тіреуішсіз теледидарды кітап шкафы сияқты биік
жиһазға қоймаңыз.
• Теледидарға қол жеткізу үшін жиһазға міну қауіпті
екенін балаларға үйретіңіз.
...