Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
6.5Дыбыс
Сурет бар, бірақ дыбыс жоқ
• Дыбыс деңгейі 0 мәніне қойылмағанын тексеріңіз.
• Дыбыстың m түймесімен өшірілмегенін тексеріңіз.
• Барлық кабельдердің дұрыс жалғанғанын
тексеріңіз.
• Егер дыбыс сигналы байқалмаса, теледидар
автоматты түрде дыбысты өшіреді. Бұл - қалыпты
жұмыс және ақаулық емес.
Дыбыс нашар
• Дыбыстың «Стерео» мәніне қойылғанын тексеріңіз.
h > Setup (Реттеу) > Smart settings (Смарт
параметрлері) ішінен смарт параметрлерінің кез
келген біреуін таңдаңыз.
Дыбыс тек бір динамиктен шығады
• Баланстың сол немесе оң жақ динамикке
қойылмағанын тексеріңіз.
DVD үй кинотеатры жалғанғанда, дыбыс кідіріспен
шығады
• Дыбысты синхрондау кідірісін реттеу үшін DVD
құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
Егер кідірісті белгілей алмасаңыз, h > Setup (Реттеу)
> Picture (Сурет) > Perfect Pixel HD (Perfect Pixel HD)
мәзірінен HD Natural Motion параметрін өшіріңіз.