Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.3.1Бағдарлама нұсқаулығы 2/3
Бағдарламаны таңдау үшін тізімнің бойымен
жылжыңыз.
Ақпарат i
Бағдарлама туралы мәліметтерді және қысқаша
ақпаратты ашу үшін Info i түймесін басыңыз.
Бағдарлама басталғанда экранда хабарлама
көрсетілу үшін Еске салуды орнату опциясын таңдап,
OK түймесін басыңыз. Бағдарлама © таңбасымен
белгіленеді. Хабарламадан бас тарту үшін Еске
салуды өшіру опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз. Бағдарламаның телеарнасына тікелей
ауысу үшін Арнаны көру опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
Опциялар o
Бағдарлама нұсқаулығы тізімінде төмендегілерді
таңдау үшін Options o түймесін басыңыз …
• Еске салуды орнату
Егер еске салу орнатылса, Жоспарланған еске
салулар опциясы барлық еске салулар тізімінде
болады.
• Күнді өзгерту
Алдыңғы немесе келесі күнгі бағдарламаларды
көріңіз.
• Қосымша ақпарат
Бағдарлама туралы мәліметтер мен қысқаша
сипаттамасы бар ақпараттық экранды ашады.
...