Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
4.3.1Желінің артықшылықтары
Компьютер желісі
Теледидарды компьютер желісіне жалғап,
компьютердегі немесе сол желідегі сақтау
құрылғысындағы фотосуреттерді көрсетіп, музыка
мен фильмдерді ойнатуыңызға болады.
Желі орнатылғаннан кейін, компьютер мазмұнын
көру үшін Негізгі мәзірден Browse PC network
(Компьютер желісін шолу) опциясын таңдаңыз.
Net TV
Егер теледидар интернетке қосылған компьютерге
жалғанса, теледидарды Желілік ТД қызметімен
байланыстыруыңызға болады. Желілік ТД
Бастапқы беті теледидардың экранына сәйкес
келетін фильмдер, суреттер, музыка, ойын-сауық
ақпараттық бағдарламалар, ойындар және көптеген
басқа нәрселер ұсынады.
Желі орнатылғаннан кейін, Net TV бастапқы бетін
ашу үшін Негізгі мәзірден Browse Net TV (Желілік ТД
шолу) опциясын таңдаңыз немесе қашықтан басқару
пультіндегі Net TV (Желілік ТД) түймесін басыңыз.