Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.4.3Жас деңгейі
Кейбір сандық таратушы станциялар елге
байланысты бағдарламаларын дәрежелеп қойған.
Деңгей балаңыздың жасына қойылған деңгейге
сәйкес немесе одан жоғары болғанда, бағдарлама
құлыпталып қалады.
Жас деңгейін қою үшін h >Setup (Реттеу) > Features
(Мүмкіндіктер) > Child lock (Балалардан қорғау)
түймесін басып, Parental rating (Ата-аналық құлып
деңгейі) опциясын таңдаңыз.
Балалардан қорғау параметрінен ата-аналық құлып
деңгейі таңдалғанда, h >Setup (Реттеу) > Features
(Мүмкіндіктер) > Parental rating (Ата-аналық құлып
деңгейі) опциясына өтіп, көруге рұқсат берген
бағдарламаларыңызға жас деңгейін таңдаңыз.
Жас деңгейі жоғары бағдарлама кілттеніп қалады,
ал теледидар бағдарламаны кілттен ашу үшін Құлып
кодын енгізуіңізді сұрайды.
Экрандағы мәзірді жапқан немесе теледидарды күту
режиміне қойған кезде, жас деңгейі функциясы іске
қосылады.
Қосымша ақпарат > Таймерлер және құлыптар >
Балалардан қорғау бөлімін оқыңыз.