Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
4.3.3  Сымсыз орнату 3/3
Маршрутизатор WPA қауіпсіздігімен жұмыс
жасаса, құпия сөз тіркесін қашықтан басқару
пультіндегі түймелер арқылы енгізіңіз. WEP
қауіпсіздігі болған жағдайда, теледидар WEP
шифрлау кодын оналтылық санау жүйесінде
сұрайды. Оны компьютердегі маршрутизатордың
бағдарламасынан табуға болады. WEP кодтары
тізіміндегі ең бірінші кодты қашықтан басқару
пультіндегі пернетақта арқылы теледидарға енгізіңіз.
Егер қауіпсіздік кілті қабылданса, теледидар сымсыз
маршрутизаторға қосылады.
Сымсыз желі келесі жолы қосылғанда, қауіпсіздік
кілтін енгізу қажет болмайды. Теледидар орнату
кезінде сіз енгізген қауіпсіздік кілтін пайдаланады.
Сұралған жағдайда Түпкі пайдаланушының
лицензиялық келісімімен келісіңіз.