Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
1.1.1Айқындығы жоғары теледидарды пайдалану 1/2
Осы теледидар айқындығы жоғары
бағдарламаларды көрсете алады, бірақ айқындығы
жоғары теледидарды пайдалану үшін алдымен
айқындығы жоғары бағдарламаларды алу қажет.
Егер айқындығы жоғары бағдарламаларды
көрмесеңіз, бейне сапасы жай теледидардікіндей
болады.
Айқындығы жоғары бағдарламаларды мына
құрылғылардан алуға болады:
• HD Movie жүйесі бар HDMI кабелі арқылы
жалғанатын Blu-ray Disc ойнатқышы
• Кабельдік немесе спутниктік теледидар
компаниясына жазылған, HDMI кабелі арқылы
жалғанатын айқындығы жоғары телесигналдар
қабылдағышы
• Әуе арқылы айқындығы жоғары хабар таратқыш
(DVB-T MPEG4)
• DVB-C желісіндегі айқындығы жоғары арна
• Айқындығы жоғары ойын жүйесі бар HDMI кабелі
арқылы жалғанатын айқындығы жоғары ойын
консолі (Xbox 360 / PlayStation 3).