Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
4.2.7DVB-T немесе DVB-C
Егер DVB-T және DVB-C хабарларын қабылдау
еліңізде бар болып, бұл теледидар еліңіздегі DVB-
T және DVB-C хабарларына дайын болса, сізге
телеарналарды орнатпастан бұрын DVB-T немесе
DVB-C опциясын таңдау керек.
DVB-T немесе DVB-C хабарларын қабылдау режимін
таңдау үшін h > Setup (Реттеу) > Installation (Орнату) >
Channel installation (Арналарды орнату) > Antenna/Cable
DVB (Антенна/Кабельдік DVB) опциясын таңдаңыз.
DVB-T арналарын орнату үшін Antenna (Антенна)
опциясын таңдаңыз.
DVB-C арналарын орнату үшін Cable (Кабель)
опциясын таңдаңыз.
DVB-C арналарын орнату
Барлық DVB-C TV параметрлері автоматты мәнге
қойылады, бірақ DVB-C желісіне DVB-C қызмет
ұсынушысы беретін кейбір параметрлер қажет
болуы мүмкін. Бұл параметрлерді немесе мәндерді
теледидар сұрағанда енгізіңіз.
Теледидарды DVB-T және DVB-C сигналдары үшін
орнатуыңызға болады. Мұндай жағдайда, екі арна
орнатуын орындауыңыз қажет. Алдымен, таңдалған
антеннамен орнатып, артынан таңдалған кабельмен
орнатыңыз. Содан кейін, Арналар кестесінде DVB-T
және DVB-C телеарналарының екеуі де көрсетіледі.