Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
5.5.1   EasyLink 1/2
Егер құрылғы HDMI-CEC стандартымен жабдықталса,
құрылғы мен теледидар бірге істей алады.
Теледидарды құрылғыға HDMI кабелінің көмегімен
жалғаңыз. Теледидардың EasyLink мүмкіндігі On
(Қосулы) күйіне қойылған. EasyLink мүмкіндігін
өшіру үшін h > Setup (Реттеу) > Installation (Орнату)
> Preferences (Параметрлер) > EasyLink опциясын
таңдаңыз.
EasyLink мүмкіндігімен мына функцияларды
қолдануға болады:
• Бір рет басып ойнату
Диск салып, құрылғыдағы Play түймесін басыңыз.
Теледидар күту режимінен қосылып, автоматты
түрде диск бағдарламасын көрсетеді.
• Жүйенің күту режимі
Жалғанған құрылғыларды күту режиміне шығару
үшін қашықтан басқару пультіндегі O түймесін 2
секунд басып тұрыңыз.
...