Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.1.6 Телемәтін опциялары 1/2
Телемәтін режимінде жасырын ақпаратты көрсету,
ішкі беттерді автоматты түрде айналдыру, таңба
параметрін өзгерту, телемәтін бетін қатыру,
телеарнаны мен телемәтінді бір экраннан көру
немесе телемәтін бетін толық экранда көрсету үшін
қашықтан басқару пультіндегі Options o түймесін
қайтадан басыңыз.
Бетті қатыру
Бет нөмірін дұрыс енгізбегенде немесе бет
болмағанда, ішкі беттердің автоматты айналуын
тоқтатыңыз немесе бет санауышын тоқтатыңыз.
Қос экран / Толық экран
Сандық мәтін қызметтері бар арналарға
қолданылмайды.
Телеарна мен телемәтінді бір экраннан көру үшін Қос
экран опциясын таңдаңыз.
Телемәтінді толық экранда қайта көрсету үшін Толық
экран опциясын таңдаңыз.
Көрсету
Жұмбақтардың немесе бас қатырғыштардың
шешімдері сияқты беттегі жасырын ақпаратты
жасырыңыз немесе көрсетіңіз.
...