Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
5.2.1Кабель сапасы
Теледидарға құрылғылар жалғамастан бұрын,
құрылғыдағы қай коннекторларды қолдануға
болатынын тексеріңіз. Құрылғыны теледидарға
мүмкіндігінше ең жоғары сапалы қосылым арқылы
жалғаңыз. Жақсы сапалы кабельдер сурет пен
дыбыс сигналдарының жақсы берілуін қамтамасыз
етеді.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
қосылымдар ең көп қолдану жағдайларына
ұсынылады. Басқа шешімдер де болуы мүмкін.
Арнайы кабель түрлері және қолдануға болатын
қосылымдар туралы қосымша ақпаратты Кабельдер
туралы > HDMI … т.б. бөлімінен оқыңыз.
Құрылғыларды қосу
Теледидарға бір құрылғы жалғанған кезде, ол
құрылғыны Басты мәзірге бір тармақ етіп қосыңыз.
Басты мәзірдегі осы тармақ арқылы теледидарды
осы құрылғыға оңай ауыстырып қосуыңызға болады.
Жаңа құрылғы қосу үшін h > Add your device
(Құрылғы қосу) опциясын таңдаңыз. Экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.