Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
6.6   Құралдар 1/2
HDMI қосылымдары
• Теледидар құрылғыдан шыққан суретті
көрсетерден бұрын HDMI-HDCP процедурасына
бірнеше секунд кетуі мүмкін.
• Егер теледидар құрылғыны танымай, экранда сурет
көрінбесе, бір құрылғыдан екіншісіне ауысып, HDCP
процедурасын қайтадан бастап көріңіз.
• Егер дыбыс кедергілері кетпей қойса, шығыс
параметрлерін тексеру үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Егер ол
көмектеспесе, қосымша дыбыс кабелін жалғаңыз.
• Егер DVI-HDMI адаптері пайдаланылса, DVI
қосылымын аяқтау үшін қосымша дыбыс
қосылымының орнында тұрғанын тексеріңіз.
HDMI және EasyLink
• Жалғанған құрылғының HDMI-CEC стандартын
қолдайтынын және дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Құрылғымен бірге келген пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
• HDMI кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
h >Setup (Реттеу) > Installation (Орнату) > Preferences
(Параметрлер) > EasyLink мәзірінде EasyLink іске
қосылғанын тексеріңіз.