Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
2.4.1Ambilight қосулы
Ambilight режимінің көмегімен сіз демалып отырып
көріп, жақсартылған сурет сапасын сезінесіз.
Ambilight режимінің ең жақсы әсері үшін бөлмедегі
жарықты азайтыңыз.
Ambilight режимін қосу немесе өшіру үшін қашықтан
басқару пультіндегі Ambilight түймесін басыңыз.
Абайлаңыз
Инфрақызыл сенсордың қашықтан басқару
пультінің сигналын нашар қабылдауына жол бермеу
үшін құрылғыларды Ambilight жарығынан тысқары
орналастырыңыз.
Динамикалық жылдамдық
Экрандағы суреттерге Ambilight режимінің жауап
беретін жылдамдығын реттеу үшін Ambilight
түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Динамикалық жылдамдықты экрандағы сырғытпа
жолақпен реттеңіз. Relaxed мәні Ambilight жарығын
жұмсақ әрі біркелкі етіп орнатады. Dynamic мәні
Ambilight жарығын жылдам өзгертеді және тез жауап
қайтарады.
Жұмыс істеу жылдамдығын өзгерту үшін Белсенділік
режимі нөлден жоғары көрсеткішке қойылу керек.
Пайдаланушы нұсқаулығын жауып, h > Реттеу >
Ambilight > Белсенділік режимін басыңыз.