Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
4.2.1Reorder and rename (Ретін және атын өзгерту) 1/2
Алғаш орнатқаннан кейін орнатылған арналардың
ретін немесе атын өзгерту қажет болуы мүмкін.
Арналар кестесіндегі телеарналарды өз
қалауыңызша реттеңіз немесе оларға оңай
танылатын ат беріңіз.
Теледидар көріп отырғанда, арналар кестесін ашу
үшін OK түймесін басыңыз. Арналар кестесінде
теледидарға орнатылған теледидар арналары мен
радиостанциялар көрсетіледі.
Ретін немесе атын өзгерту үшін Options (Параметрлер)
o түймесін басып, қажетті опцияны таңдаңыз.
Reorder (Ретін өзгерту)
Кестедегі арналардың орындарын өзгертуге болады.
1 Арналардың ретін өзгерту үшін параметрін Options
(Параметрлер) o мәзіріндегі Reorder (Ретін өзгерту)
тармағын таңдаңыз.
2 Арнаны ерекшелеп, OK түймесін басыңыз.
3 Арнаны қажетті орынға жылжу түймелерінің
көмегімен орналастырыңыз.
4 Орнын растау үшін OK түймесін басыңыз.
Басқа бір арнаны ерекшелеп, тура солай жасауға
болады.
...