Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.7.2Көру қабілеті нашар адамдар
Кейбір сандық телеарналар көру қабілеті нашар
адамдарға бейімделген арнайы дыбыс таратады.
Қалыпты дыбыс қосымша түсініктемелермен аралас
болып келеді.
Көру қабілеті нашар адамдарға дыбысты қосу
үшін сандық телеарнаны көріп отырғанда, Options
(Параметрлер) o түймесін басып, Visually impaired
(Көру қабілеті нашар адамдар) опциясын таңдаңыз.
On (Қосулы) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Бар болған жағдайда теледидар көру қабілеті нашар
адамдарға арнап дыбысты қосады.
«Options» (Параметрлер) мәзірінен көру қабілеті
нашар адамдарға Speakers (Динамиктер), Headphones
(Құлақаспап) опциясынан немесе Speakers
(Динамиктер) және Headphones (Құлақаспап)
опцияларының екеуінен де дыбысты естілетін етіп
орнатуыңызға болады.
Сондай-ақ, «Options» (Параметрлер) мәзірінен
қосымша түсініктемелердің дыбыс деңгейін өзгерту
үшін Volume (Дыбыс деңгейі) - Visually impaired (Көру
қабілеті нашар) опциясын таңдаңыз.
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған дыбыс
тілінің бар-жоғын тексеру үшін Options (Параметрлер)
o түймесін басып, Audio language (Дыбыс тілі)
опциясын таңдаңыз, одан кейін көз белгішесі бар
дыбыс тілін іздеңіз.