Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
2.1.2Әмбебап қашықтан басқару пульті 2/4
DVD, STB немесе HTS түймесі
DVD ойнатқышын немесе Blu-ray диск ойнатқышын
басқару үшін DVD түймесін, қосалқы құрылғы
немесе сандық кабельдік қабылдағыш үшін STB
түймесін, ал үй кинотеатры жүйесі үшін HTS түймесін
пайдаланыңыз.
Түйме жыпылықтағаннан кейін қашықтан басқару
пультіндегі тиісті түймелермен құрылғыны басқаруға
болады.
Қалыпты теледидарды басқаруға оралу үшін TV (ТД)
түймесін басыңыз.
Егер түйме 30 секунд басылмай тұрса, қашықтан
басқару пульті теледидарды басқаруға ауысып
қосылады.
Белгілі бір құрылғы үшін реттеу
Әмбебап режим түймесін орнатуды бастау үшін
Home (Негізгі) мәзірде h > Setup (Реттеу) > Installation
(Орнату) > Universal remote control (Әмбебап қашықтан
басқару пульті) тармағын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Теледидар құрылғыға қолдануға болатын қашықтан
басқару кодын іздейді. Қашықтан басқару коды
табылғанда осы құрылғы үшін қашықтан басқару
пультінің түймелерін қолданып көруге болады.
Егер түймелердің барлығы жұмыс істемесе, іздеуді
жалғастыруға болады.
Кейбір жағдайларда кейбір құрылғыларға қолдануға
болатын қашықтан басқару кодтары болмайды.
...