Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
5.4.5Теледидар компьютердің мониторы ретінде 1/3
Компьютерге теледидарды компьютер мониторы
ретінде жалғауыңызға болады.
Компьютерді жалғамас бұрын, компьютер
мониторының жаңару жиілігін 60 Гц мәніне қойыңыз.
Компьютерді теледидардың жанына немесе,
оның орнына, арт жағына жалғауыңызға болады.
Компьютерді жалғау жолдарын келесі беттерден
қараңыз.
Қолайлы теледидар параметрі
Сурет сапасы барынша анық болу үшін
теледидардың сурет форматын «Масштабталмаған»
мәніне қойыңыз. Теледидарды көріп отырған кезде,
Options (Параметрлер) o түймесін басып, Picture
format (Сурет форматы) опциясын, содан кейін
Unscaled (Масштабталмаған) опциясын таңдаңыз.
Қолдау көрсетілетін компьютер
ажыратымдылықтары
Қолдау көрсетілетін ажыратымдылықтар
тізімін Техникалық деректер > Дисплей
ажыратымдылықтары бөлімінен қараңыз.
...