Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
Macintosh OS X жүйесіндегі Twonky Media v4.4.2
Желіде ортақ пайдалануға теңшеу
Twonky Media терезесінде Basic Setup (Негізгі
параметрлер) > First steps (Алғашқы қадамдар)
параметрін таңдаңыз.
Теледидарыңызда пайда болатын сервер атауын
осы терезеде өзгертуге болады.
Basic Setup (Негізгі параметрлер) > Clients/Security
(Тұтынушылар/Қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз.
Enable sharing for new clients automatically (Жаңа
тұтынушылар үшін ортақ пайдалану мүмкіндігін
автоматты түрде қосу) параметрі жанына құсбелгі
қойыңыз.
Қалталарды ортақ пайдалануға теңшеу
Basic Setup (Негізгі параметрлер) > Sharing (Ортақ
пайдалану) параметрін таңдаңыз. Кейбір ‘Content
Locations’ (Мазмұн орналасулары) параметрлері
теңшеліп қойылуы мүмкін. Желіде ортақ
пайдаланылатын қалтаны (мазмұн орналасуы)
қосу үшін Browse (Шолу) түймесін басыңыз.
Басқа құрылғылармен (теледидар) ортақ
пайдаланғыңыз келген музыкасы, суреттері
немесе бейнелері бар қалтаны шолу үшін көгілдір
жақтаудың ішіндегі қатты дискінің атын басыңыз.
1
2
2
1