Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
1.1.2   Қауіпсіздік 5/5
Қатты қызып кету қаупі!
Теледидар желденуі үшін оның айналасында
әрдайым кемінде 10 см ашық орын қалдырыңыз.
Перделер немесе басқа заттар теледидардың
желдету тесіктерін жаппауын қамтамасыз етіңіз.
Найзағай
Найзағай ойнайтын кезде теледидарды қуат көзінен
ажыратып, антеннаны суырыңыз. Найзағай ойнаған
кезде теледидардың ешбір бөлігіне, қуат сымына
немесе антенна кабеліне тимеңіз.
Есту қабілетінің зақымдану қаупі!
Құлақаспаптарды жоғары дыбыс деңгейінде немесе
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Төмен температуралар
Егер теледидар температурасы 5°C-тан төмен
орталарда тасымалданса, теледидарды
орауышынан шығарып, қуат көзіне қоспас бұрын
оның температурасы мен бөлме температурасының
сәйкес келуін күтіңіз.