Philips 52PFL9704H Range User Manual


 
3.6.2Browse PC Network (Компьютер желісін шолу) 1/2
Үй желісіндегі компьютерден немесе басқа сақтау
құрылғысынан фото суреттерді теледидарда көріңіз
немесе музыка мен бейнелерді ойнатыңыз.
Компьютер желісін шолу үшін алдымен желі
қосылымын орнатып, Реттеу > Желі бөлімін оқыңыз.
Егер желі орнатылмаған болса, алдымен компьютер
желісін шолып көріңіз, сонда Желіні орнату іске
қосылады. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Browse PC Network (Компьютер желісін шолу)
Осы пайдаланушы нұсқаулығын жауып, h түймесін
басыңыз, одан кейін «Home» (Негізгі) мәзірден Browse
PC network (Компьютер желісін шолу) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Компьютер мен маршрутизатор қосылған кезде
теледидар компьютердің мультимедиа серверінің
мазмұнын көрсетеді.
Компьютер мазмұнындағы тізім экранда ашылғанда
ойнату қажет файлды таңдап, OK түймесін немесе
ойнату P түймесін басыңыз.
Өлең, фото суреттердің слайдшоуы немесе бейне
ойнатыла бастайды.
...